Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы " КММ және "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 24 ақпан күні "Мұқағали Мақатаев оқулары" байқауының аудандық кезеңі Есіл қаласының √3 ЖББМ базасында өтті.
Осы байқауға "Қаракөл ЖОББМ" КММ қатысқан оқушылар:
"Айтып өткен ақында арман бар ма?" айдарында 7 "А" сынып оқушысы Төлеухан Кәусар ІІ орын;
"Көкірегімде жыр сәулесі маздайды..." айдарында 7 "А" сынып оқушысы Байғалым Ардақ ІІ орын иеленіп келді.
Мектебімізде дарынды шәкірттеріміз көп болсын! Орын алып келген оқушыларымызға алда талай байқауларға қатысып жүлделі орындар алып мектептің, ата-ананың, ұстаздардың мақтанышы бола беріңдер деп тілейміз! Осындай шәкірттер дайындап жүрген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мунира Күмісайдың да еңбегі еселеніп, әрқашан шәкірттерінің биік белестерді бағындыра беруіне тілекшіміз!
